3.1 Биологиялық қауіпсіздік бойынша оқытуБиологиялық және химиялық қауіпсіздік комитетінің мүшелерінен, бас зерттеушілерден және барлық қатысушы қызметкерлерден Биологиялық қауіпсіздік/биологиялық қорғау жөніндегі Бірлескен институционалдық оқу институтының (CITI) оқу бағдарламасынан өтуді NU талап етеді.
CITI тренингіне рұқсат алыңыз және
«Жаңа пайдаланушыларды тіркеуді» басыңыз; бұл сізді курсқа тіркеу бетіне апарады.
Қатысушы мекемелер тізімінен
«Назарбаев Университетін» таңдаңыз.
Атыңызды және NU-да берілген электрондық поштаңыздың мекенжайын енгізіңіз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін NU-дағы өзіңіздің электрондық пошта мекенжайын
«Таңдаулы электрондық пошта мекенжайы» ретінде пайдаланыңыз.
Тіркеу ақпаратын бергеннен кейін сізден қандай оқу модульдері сіздің нақты зерттеу бағдарламаңызға сәйкес келетінін анықтау үшін бірқатар сұрақтарға жауап беру сұралады. Біздің жағдайда бұл 8-сұрақ
«Биоқауіпсіздік /биоқорғау». Минималды міндетті курстар:
«Биоқауіпсіздікке кіріспе» және
«Биоқауіпсіздік бойынша негізгі оқыту». Осы курстарды таңдап, барлық басқа сұрақтар үшін
«қазір емес, рақмет» деп теріңіз.
ЕСКЕРТУ. Егер сіз жақында CІТІ-ді басқа оқу орнында оқыған болсаңыз, оқу несиеңізді ауыстыру үшін нақты оқу орны ретінде NU-ды қосуға болады. NU-ды қосу және пайдаланушы аты мен қалаған электрондық пошта мекенжайын өзгерту үшін CITI веб-сайтындағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ. NU-ға кірмейтін, NU-дың электрондық поштасының есептік жазбасы жоқ жоба жұмыскерлері үшін биоқауіпсіздік бойынша оқыту талаптарын орындаудың бірнеше балама нұсқалары бар:
● Назарбаев Университетінің желісі бойынша биоқауіпсіздікті оқу:
○ NU мүшесі емес қызметкерлер жеке немесе балама электрондық пошта мекенжайын пайдаланып, CITI платформасына тіркелуі керек.
○ Ұйымыңызға мүшелікті таңдау сұралғанда,
Назарбаев Университетін енгізіңіз.
○
CITI бағдарламасының материалдарына қол жеткізу үшін Қызмет көрсету шарттарымен және Құпиялылық саясатымен КЕЛІСЕМІН және
Мен Назарбаев Университетінің аффилирленген тұлғасы екенімді растаймын құсбелгісін қойыңыз және соңында
CІТІ бағдарламасының есептік жазбасын жасаңыз.○ Тіркеудің соңғы қадамында NU электрондық пошта мекенжайы сұралады.
Жүйе Назарбаев Университеті немесе бекітілген аффилирленген тұлға берген электрондық пошта мекенжайын көрсетуді ұсынса да, сіз өзіңіздің жеке немесе басқа балама электрондық пошта мекенжайыңызды
«Институционалдық электрондық пошта мекенжайына» енгізе аласыз және
Жалғастыру тетігін басыңыз.
○ Келесі бетте сіз оқу жоспарын таңдай аласыз.
8-сұраққа өтіп,
«Биоқауіпсіздікке кіріспе» немесе
«Биоқауіпсіздік бойынша негізгі оқыту» деп белгілеңіз. Қалған сұрақтар үшін
«Қазір емес, рақмет» немесе сізді қызықтыратын кез келген курстарды таңдап, содан кейін
«Жіберу» тетігін таңдаңыз.
○ Келесі бетте бастауға дайын курстар көрсетіледі. Сіз таңдаған кез келген курс үшін
«Қазір бастау» тетігін басыңыз.
○ Аяқтағаннан кейін сауалнамадан өтіңіз. Курстан өту нәтижесіне жеткен болсаңыз CІТІ платформасы сізге курстан өткеніңіз туралы сертификат береді.
● егер басқа университеттің СІТІ платформасына қол жетімділігі болса, CІТІ биоқауіпсіздігін басқа университетке қосылу арқылы оқуға болады.
3.2 Химиялық қауіпсіздік бойынша оқытуБиологиялық және химиялық қауіпсіздік комитетінің мүшелерінен, бас зерттеушілерден және барлық қатысушы қызметкерлерден
Зертханадағы Химиялық Қауіпсіздік бойынша Бірлескен институционалдық оқыту институтының (CITI) оқу бағдарламасынан өтуді НУ талап етеді. Curriculum Builder-де
13-сұрақ ретінде ұсынылатын курсқа тіркелу және қол жеткізу үшін жоғарыдағы нұсқауларды қараңыз.