Назарбаев Университеті білім алуға болатын, адалдық пен сенім атмосферасын қалыптастыруға ұмтылады. Зерттеудің адалдығы оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен қызметкерлер арасында, сондай-ақ академиялық орта мен жалпы жұртшылық арасындағы құрметтің негізін құрайды. Назарбаев Университеті өзінің барлық оқытушыларынан, қызметкерлерінен және студенттерінен өз жұмыстарын жоғары этикалық және кәсіби стандарттарға сәйкес орындауды күтеді.
Анықтамалар:
● Зерттеу: экономика, білім, лингвистика, медицина, психология, әлеуметтік ғылымдар және статистика саласындағы зерттеулерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ғылымның, техниканың және математиканың барлық салаларындағы барлық іргелі, қолданбалы және демонстрациялық зерттеулер, сондай-ақ адамның, жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулер.
● Зерттеудің теріс жүргізілуіі: орындауда немесе шолуда немесе зерттеу нәтижелерін хабарлауда қолдан жасау, бұрмалау немесе плагиат.
● Қолдан жасау: деректерді немесе нәтижелерді қолдан жасау және оларды жазу немесе жалған есеп беру.
● Бұрмалау: зерттеу материалдарын, жабдықтарын немесе процестерін манипуляциялау немесе зерттеу жазбасында зерттеу дәл көрсетілмейтіндей деректерді немесе нәтижелерді өзгерту немесе алып тастау.
● Плагиат:авторын көрсетпей, басқа адамның идеяларын, процестерін, нәтижелерін немесе сөздерін иемдену.